Ушу-саньда: Екі қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына өтті

Ушу-саньда: Екі қазақстандық спортшы Азия ойындарының жартылай финалына өтті
Жекпе-жек

Нұрғали Жұмағазы

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалдық бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Абдурашид Абдуллаев 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Непал өкілі Санджив Махарджанмен кездесті. Отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға өтті. Сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақта Әлижан Аблағатов қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, жартылай финал 23 қыркүйекте өтеді.