ІВА құрамынан тағы екі елдің бокс федерациясы шықты

Бокс
Жаңа Зеландия мен Аргентина Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) құрамынан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Олар ұйыммен қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеген үшінші және төртінші ел атанды. Бұған дейін АҚШ пен Швейцарияның ұлттық федерациялары ІВА қатарынан шыққандарын мәлім еткен.
Жаңа Зеландияның бокс федерациясы биыл құрылған World Boxing ұйымы қатарына қосылу ниеті бар екенін жеткізді.
Өткен айда ХОК басқарушылық, қаржы және жтика мәселелерінде дұрыс реформа жүргізе алмағаны үшін Халықаралық бокс қауымдастығын мойындаудан бас тартқан. Бұрын АІВА деп аталған ұйым 2019 жылдан Олимпиада ойындарындағы бокс турнирлерін ұйымдастырудан шеттетілген еді.