Елена Рыбакина Уимблдонда қанша табыс тапты

Теннис
Әлемнің үшінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы Уимблдон бәсекесінде тапқан табысы белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Үлкен дулыға" жарысының ширек финалында сүрінген отандасымыз 340 мың фунт стерлинг, яғни 197 млн 880 мың теңге пайда тапқан.
Өткен жылы дәл осы Уимблдон турнирінде чемпион атанған Елена Рыбакина жеңісі үішн 2 млн фунт стерлинг алған еді. Ал биыл беделді бәсекенің жүлде қоры 11,2%-ға артып, чемпион атанған чехиялық Маркета Вондроушова 2,35 млн фунт стерлинг табыс тапты.