Александр Шевченко Дэлрей-Бич турнирін бірінші айналымда аяқтады

Александр Шевченко Дэлрей-Бич турнирін бірінші айналымда аяқтады
Теннис

ҰОК

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко АҚШ-тың Дэлрей-Бич қаласында өтіп жатқан ATP турнирінің 1/16 финалында ойнады.

Жарыстың алғашқы матчында Шевченко америкалық Майкл Ммоға екі сетте 5:7, 6:7 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Ммо іріктеу кезеңінің финалында тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попконы жеңген болатын.