Анна Данилина Дохадағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннис
Қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Дохадағы WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ сілтеме жасап.
Данилина мен Хромачева жапониялық Аояма – Ходзуми жұбын 6:4, 4:6, 10:6 есебімен жеңді.
Келесі айналымда Анна ресейлік жұп — Андреева мен Шнайдерге қарсы ойнайды.