Юлия Путинцева Дубайдағы WTA 1000 турнирінің бірінші айналымынан ары аса алмады

Юлия Путинцева Дубайдағы WTA 1000 турнирінің бірінші айналымынан ары аса алмады
Теннис

gettyimages

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дубай қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 санатындағы турнирдің бірінші айналымында чехиялық Линда Носковадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу екі сетте аяқталды – 2:6, 6:7 (5:7). Матч 1 сағат 29 минутқа созылды. Носкова допты ойынға қосу барысында сенімді өнер көрсетті — ол жеті эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді. Сондай-ақ, чехиялық теннисші алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды. Ал Путинцева бір рет қана эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк мүмкіндігінің тек біреуін пайдалана алды.

Енді екінші айналымда Линда Носкова ресейлік Людмила Самсонова мен Анастасия Павлюченкова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.