Тимофей Скатов Херсониссос турнирінің ширек финалына шықты

Теннис
Olympic.kz
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 182-орында) Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті, деп жазады BasSport.kz.
1/8 финалда Скатов АТР рейтингінде 406-орында тұрған британдық Райан Пеннистонмен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Ойын дәл екі сағатқа созылды.
Айта кетейік, келесі айналымда Тимофей болгариялық Димитар Кузмановпен (376) кездеседі. Матч 14 наурызда астана уақытымен сағат 14:00-де өтеді.