Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы футболды дамыту туралы пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы футболды дамыту туралы пікір білдірді
Футбол

Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі футболдың дамуына ерекше назар аудару қажет екенін айтты, деп жазады BasSport.kz.

«Футболды бүкіл ел бойынша дамытуға ерекше мән беру керек деп есептеймін. Көптеген облыстық стадионды қайта жөндеу немесе демеушілердің қаражатын тарта отырып, жаңа футбол стадиондарын салуға кірісу қажет.
Әр облыстық және аудандық орталықта, сондай-ақ ауылдар мен кенттерде балаларға арналған футбол алаңдары салынуы тиіс. Бұл – алдағы екі жылда орындалуы қажет міндет. Оның орындалуын тексереміз», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, соңғы жылдары ҚФФ өңірлердегі бірнеше стадионды ALAN бағдарламасы аясында қайта жаңартқан болатын.