Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Billie Jean King Cup финалына жолдама алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Billie Jean King Cup финалына жолдама алды
Теннис

ҰОК

Қазақстанның жас теннисшілері Азия/Тынық мұхиты аймағының Billie Jean King Cup Final Juniors іріктеу турнирінде жарқырай өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл жетістікпен қатар, олар қараша айында Чилиде өтетін финалдық кезеңге мерзімінен бұрын қатысу құқығын иеленді.

Ширек финалда жерлестеріміз Үндістан құрамасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Алғашқы кездесуде Еркежан Жанатаева Мундхе Арунмен үш сетке созылған тартысты матчта 6:7 (3:7), 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Екінші ойында Ева Корышева Аахан Ааханды 6:1, 6:1 есебімен тізе бүктіріп, шешуші жеңісті қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2023 жылы Севильяда өткен әлем чемпионатының финалдық кезеңінде тоғызыншы орын алған болатын. Биыл Ярослава Шведованың шәкірттері үздік нәтиже көрсетуге ниетті. 16 мамырда олар жартылай финалда Оңтүстік Корея мен Тайбэй құрамалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.