Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды
Бокс

©X/Janibek Alimkhanuly

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес арасындағы біріктіруші жекпе-жек 19 шілдеде өтуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты Brunch Boxing аккаунты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде бұл жекпе-жек Лас-Вегаста өтетін PBC кешінің бір бөлігі болып, оның басты оқиғасы ретінде аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоның Марио Барриоспен өтетін камбэк-жекпе-жегімен бірге ұйымдастырылады деген болжамдар тараған еді. Алайда, Brunch Boxing бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Орта салмақтағы Карлос Адамес пен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы талқыланып жатқан біріктіруші жекпе-жектің 19 шілдеде өтетін Пакьяо – Барриос кешінде ұйымдастырылуы өте екіталай,» – деп хабарлады Brunch Boxing дереккөздері. – «Егер бұл жекпе-жек өтетін болса, онда ол тамыз айында өтуі мүмкін».

Айта кетейік, өткен аптада Карлос Адамес бір сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының промоутерлік командасымен келіссөздер жүріп жатқанын растаған болатын. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек – қазіргі таңда оның басты мақсаты.