Ламин Ямаль Ла Лигада жаңа рекорд орнатты

Ламин Ямаль Ла Лигада жаңа рекорд орнатты
Футбол

Әлеуметтік желі

“Барселона” клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Ла Лига тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

“Эспаньолға” қарсы кездесуде Ямальдың голы мен нәтижелі пасы “Барселонаға” 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Испания чемпионы атағын мерзімінен бұрын жеңіп алуға көмектесті.

Алайда бұл жеңістің маңыздылығы тек чемпиондықпен шектелмейді. The Touchline басылымының мәліметінше, Ямаль - 18 жасқа дейін Ла Лигада екі рет чемпион атанған тарихтағы алғашқы футболшы. Ол алғашқы чемпиондық медалін 2022/23 маусымында, негізгі құрамдағы дебютінен көп ұзамай иеленген болатын.

Биылғы маусымда Ламин өзінің әлемдік деңгейдегі жұлдыз екенін дәлелдеп келеді: 33 матчта 8 гол мен 13 нәтижелі пас. Ал шешуші турда тағы бір мәрте шеберлігін көрсетіп, есеп ашты және әріптесінің гол соғуына үлес қосты.