Жуков өзінің еуропадағы болашағы жайлы: "Келісімшартты үзуіміз мүмкін"

"Пуща" ФК
Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков өзінің клубтық мансабы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Дәл қазіргі сәтте футболшы польшалық "Пуща" клубында ойнайды.
Жуковтың командасы польшалық Экстраклассадан мерзімінен бұрын ұшып кетті. Енді барлығын мазалайтын бір ғана сұрақ, Қазақстандық футболшы клубта қалады ма?
"Дәл қазіргі сәтте "Пущада" қаламын ба деген сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Бірақ, бірінші лигада менің келісімшартымды сақтаса, мен қалуға міндеттімін. Егер, олай болмай жатса, клуб менімен келісімшартты үзуге құқығы бар және мен еркін агент ретінде басқа клубқа ауыса аламын", - деп жауап берді Георгий.
"Пущада" футболшымыз осы жылдың ақпан айынан бастап доп тебеді. Осы маусымда польшалық команда үшін Жуков тоғыз ойында алаңға шығып, екі сары қағаз алды. Экстраклассада 32 турдан кейін турнирлік кестеде "Пуща" соңғы орында орналасқан.