Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы титулдық жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасалды

Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы титулдық жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасалды
Жекпе-жек

Dar Team

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов жаттығатын Dar Team командасы жартылай орта салмақтағы ықтимал титулдық жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Команданың ресми Instagram парақшасында графикалық редактор көмегімен жасалған Рахмонов пен ресейлік Ислам Махачев арасындағы көзқарас дуэлі бейнеленген сурет жарияланды. Жазбада: «Мұндай титулдық жекпе-жекті жақын арада көруіміз мүмкін» деген сөздер жазылған.

Еске сала кетейік, жақында Ислам Махачев UFC-дегі жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен ресми түрде бас тартып, жартылай орта салмаққа өтетінін жариялады. 2026 жылы ол осы салмақтағы чемпион - австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Ал Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта осы дивизионда үшінші орында тұр. Ол 2024 жылдың соңында алған тізе жарақатынан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатыр.