Шавкат Рахмоновтың бапкері Махачевке қарсы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Жекпе-жек
Baq.kz
UFC-дегі жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров шәкірті мен Ислам Махачев арасындағы мүмкін жекпе-жекке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Betonmobile сілтеме жасап.
— Егер Махачев Делла Маддаленаны жеңіп, чемпион атанса, Шавкат Исламмен жекпе-жекке шығады. Бұл жекпе-жекке қандай жоспар құрасыздар?
— Алдымен Махачев пен Маддалена арасындағы титулдық жекпе-жектің нәтижесін күтейік. Егер Ислам жеңсе, біз бар күшімізді салып дайындаламыз. Әр спортшының әлсіз тұстары болады, Махачев те ерекше емес, - деді Эдуард Базров.
Айта кетейік, бұған дейін Базров Ислам Махачев үшін Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек оңай болмайды деген пікір білдірген еді.
Еске салсақ, Ислам Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін босатып, жартылай орта салмаққа ауысты. Ол бұл салмақта жаңа чемпион атанған Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.