Бексұлтан Құлмырза — пара дзюдодан әлем чемпионы

Дзюдо
Астанада 12–16 мамыр аралығында өткен пара дзюдодан әлем чемпионатына 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.
Ауқымды жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. 81 келі салмақта ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшысы Бексұлтан Құлмырза төрт кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Нәтижесінде, ол пара дзюдодан әлем чемпионы атанды.
Жеңімпаз – Шардара ауданының тумасы, Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі.