Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Елдос Сметов туралы пікір айтты

Дзюдо
Әлеуметтік желі
Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, өзбекстандық дзюдошы Диёра Кельдиева қазақстандық спортшы Елдос Сметовтің жеңісінен кейін ерекше мотивация алғанын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz YouTube-тегі Qstar group арнасына сілтеме жасап.
«Шын айтсам, Елдос Сметовтің Париждегі Олимпиадада жеңіске жетуі мен үшін де мотивация болды. Өйткені бұған дейін Орта Азиядан дзюдодан Олимпиада чемпионы болмаған. Ол бірінші болып алтын алды. Ең қызығы, оған ешкім сенбеді. Бірінші орын туралы айтпағанда, тіпті “қола” медаль да күтпеді көпшілік. Бірақ ол мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеді. Сол сәтте мен де өзіме: “Оның қолынан келсе, мен де жасай аламын” дедім. Ақыры мен де жеңдім», — деді Кельдиева.
Еске салайық, Диёра Кельдиева Париж Олимпиадасының 1/16 финалында 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, жапониялық Абэ Утадан таза жеңіспен (иппон, 10:1) басым түскен. Ал финалда Косово елінің өкілі Дистрия Красничиді жеңіп, Олимпиада алтынына қол жеткізді.