Елдос Сметов спорттық мансабын аяқтау туралы шешімімен бөлісті (ВИДЕО)

Дзюдо
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада алдында спорттық мансабын аяқтауға шешім қабылдағанын айтып, жанкүйерлерімен шын жүректен сыр бөлісті. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясы жариялаған бейнематериалда белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Париж Олимпиадасына жол ауыр болды. Азия чемпионатында жеңіліп қалғаннан кейін, үш ай қалғанда, ата-анама хабарласып, мансабымды аяқтайтынымды айттым. Әкем: “Олимпиадаға аз қалды. Көр, кейін өкінбе”, - деді. Анам болса: “Саған қиын екенін білем, бірақ алда үлкен қуаныш барын сезіп тұрмын”, - деп қолдау білдірді. Осы сөздер мені жігерлендіріп, қайтадан жаттығуға оралдым. Көп күш кетті, қан, тер төгілді. Бірақ сол жеңіс бәріне тұрарлық болды», - деді Елдос.