Атақты футболшы Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Футбол
ҚФФ
Қазақстан футболының тарихында өзіндік із қалдырған атақты қақпашы Ненад Эрич еліміздің азаматтығынан бас тартты. Бұл туралы журналист Ермұхамед Мәулен«Бірінші гол» YouTube арнасында хабарлады.
- «Астана» клубы Эричке бірінші нөмірді бекітіп берген еді. Бірақ жақында оның Белградқа көшіп, Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Сербия төлқұжатын қайта алғанын естідім», - деді Мәулен.
Айта кетейік, Ненад Эрич 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейін «Астана» клубының басты қақпашысы болды. Осы уақыт ішінде ол 318 матч өткізіп, клуб тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшылардың қатарында екінші орынға шықты.
Еске сала кетейік, Ненад 2015–2018 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы сапында 8 матч өткізген болатын.