«Канело» залында жаттыққан қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінің датасын жариялады

«Канело» залында жаттыққан қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінің датасын жариялады
Бокс

Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 KO) келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Баршаңызға ассаламу алейкум. Жекпе-жек өтетін күн белгілі болды. Құдай қаласа, 12 шілдеде өтетін кездесуіме дайындық жүріп жатыр. Бұл — менің 15-ші жекпе-жегім. Жолымыз болсын. Алда үлкен кездесулер, үлкен мақсаттар», – деп жазды Нұрмағанбет өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, 25 мамырда Бек Нұрмағанбет Гондурас өкілі Карлос Фидель Гуйти Мирандамен (7-2, 3 КО) Сан-Диегодағы бокс кешінде жұдырықтасуы керек еді, алайда қарсыласының денсаулығына байланысты жекпе-жек өтпей қалды.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес жаттықтыратын залда дайындалады және бірнеше рет оның спарринг-серіктесі болған.