Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасынан жеңіліс тапты

Prosports.kz
Еліміз бойынша бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. Отандасымыздың төртінші айналымдағы қарсыласы әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер болды. Спортшылар бұған дейін алты рет кездесіп, соның төртеуінде Синнер жеңген. Биыл Ролан Гаррос турнирінің ширек финалында италиялық теннисші 6:1, 7:5, 6:0 есебімен алға түссе, жарты айдан кейін Бублик Германиядағы Галле жарысында жеңіске жеткен – 3:6, 6:3, 6:4. Бұл жолғы ойын италиялық теннисшінің басым түсуімен бітті – 6:1, 6:1, 6:1. Бір сағат 21 минутқа созылған ойында Синнер 8 эйспен бірге 17 брейк-пойнттың сегізін қанжығасына байлады. Ал Бублик 2 эйспен ғана шектелді. Спорттық жолында АҚШ біріншілігінің алғаш рет төртінші айналымына шыққан отандасымыз қазір ATP Live рейтингісінде 19-орынға жайғасты.