Жәнібек Әлімханұлы мен Адаместің жекпе-жек уақыты белгіленді

Жәнібек Әлімханұлы мен Адаместің жекпе-жек уақыты белгіленді
Бокс

Sports.kz

Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл Астанада сәуір айында болды. Көптен күткен осы Әлімханұлы мен Адаместің жекпе-жек уақыты анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Танмымал бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай болады деп болжанып отыр. Тараптар 22 қарашада Сауд Арабиясында өткізу туралы келіссөз жүргізген, бірақ қаржылық мәселесі кезінде келісімге келу қиындаған. 

Пилаттидің сөзінше, жекпе-жек АҚШ-та болатын болса, боксшылар бұдан да төмен сыйақы алуы мүмкін.

«Бұл мәселеге менде күмән бар. Екеуі ұсынылған ақшаны қабылдамаса, жекпе-жекті ұйымдастыру жағы қиын болайын деп тұр. Неге десеңіздер, қаржы аз, ал телеарналардың қолдауы ақсап тұр. ESPN қазір бокс көрсетілімдерін сирек көрсетеді. DAZN-ның екі боксшымен де байланысы жоқ. Карлос Адамес – PBC боксшысы, ал Жәнібек Әлімханұлы – Top Rank-тің өкілі. Алайда Top Rank келесі жылға дейін трансляция серіктесінен айырылды. Олар алдағы уақытта қай арнамен жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Өз басым бұл жекпе-жек желтоқсанда PBC кардтарының бірінде өтеді деп сенемін. Екеуі де белгілі бір ымыраға келуі керек деп санаймын. Сауд Арабиясында ақша мол, ал АҚШ-та жағдай басқаша. Дегенмен олар келіссөз үстеліне қайта оралып, желтоқсандағы PBC турнирлерінің бірінде орта салмақтағы үш белбеуді біріктіретін жекпе-жек өткізеді деп ойлаймын», - деді Пилатти өзінің YouTube арнасында.