Елена Рыбакина маусымдағы екінші титулына қол жеткізді

Теннис
Olympic.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбода өткен WTA 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.
Отандасымыз финалда ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасты. Алғашқы сетті ресейлік теннисші өз пайдасына жазса (3:6), өзге екі сетте Рыбакина сенімді жеңіске қол жеткізді - 6:0, 6:2.
Бұл - Елена Рыбакинаның жекелей сындағы 10-шы WTA титулы.