“Алтай” келесі маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында ойнайды
Футбол
“Алтай” ФК
Футболдан Қазақстан чемпионаты Бірінші лигасының 2025 жылғы маусымы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Өскемендік “Алтай” Қазақстан Премьер-Лигасына қайта оралды.
Соңғы 26-тур алдында ақтаулық “Каспий” мен павлодарлық “Ертістің” Бірінші лигада бірінші және екінші орындар алуына байланысты ҚПЛ-ге жолдама алғаны белгілі болған еді. Келер маусымда Қазақстан Премьер-Лигасы қатысушылар саны 16-ға дейін ұлғайтылатын болғандықтан, чемпионаттың қола жүлдегері “Алтай” да ҚПЛ-де өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Өскемендік команда соңғы турда өз алаңында шымкенттік “Оңтүстікті” 4:1 есебімен сенімді жеңген еді. Команданың ҚПЛ-ге жолдама алуына осы жеңісі ықпал етті.