Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді
Күрес
UWW
Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз әлем біріншілігінің қола жүлдесі үшін болған белдесуде ирандық Аболфазл Бабалуды 7:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған еді.