Бублик “Masters” жарысының үшінші айналымына шықты

Бублик “Masters” жарысының үшінші айналымына шықты
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Париждегі АТР 1000 жарысының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Отандасымыз турнирдің екінші кезеңінде франциялық Корентен Мутемен сынға түсіп, 6:3 және 7:5 есебімен жеңді.

Бұл - Бубликтің осы маусымдағы қырық алтыншы жеңісі.  

Қазақстандық теннисшінің жарыстағы келесі қарсыласы - әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фритц.