Александр Бублик Masters жарысын жартылай финалда аяқтады

Александр Бублик Masters жарысын жартылай финалда аяқтады
Теннис

Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Париждегі АТР 1000 жарысын жартылай финалда аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз Masters жарысы финалының жолдамасын әлемнің оныншы ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен сарапқа салып, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. 

Осылайша, Бублик мансабында алғаш рет АТР 1000 жарысының жартылай финалында өнер көрсетті. Осы турнирден кейін Александр Бублик әлемдік рейтингте 13-орынға көтеріледі.