"Барыстың" жаңа ойыншысы Қазақстанға келді (ВИДЕО)

Хоккей

Getty Images

Астаналық "Барыстың" жаңа америкалық ойыншысы Максвелл Уиллман Қазақстанға келді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Шабуылшының Астана әуежайына келген сәтін клуб өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады. 

"Барыс" Макс Уиллманмен келісімшарт жасасқанын кеше мәлімдеген еді. Шабуылшымен жасалған біржақты келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген. Ол Ұлттық хоккей лигасында "Филадельфия Флайерз" және "Нью-Джерси Девилз" командалары сапында жалпы 68 ойын өткізіп, 10 (7+3) ұпай олжалаған.