Almaty Open әлемдегі үздік турнирлердің қатарына енді

Almaty Open әлемдегі үздік турнирлердің қатарына енді
Теннис

Қазақстан теннис федерациясы

Туринде 2025 жылғы ATP Awards марапаттау рәсімі өтіп, онда Almaty Open ATP 250 әлемдегі үздік турнирлердің қатарына кірді, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі. 

Ойыншылар Almaty Open жарысын ATP 250 санатындағы жылдың үздік турнирлерінің бірі ретінде бағалады. Соның нәтижесінде Алматы турнирінің ұйымдастыру комитеті Кәсіби теннисшілер қауымдастығынан (АТР) «Ұйымдастырудағы үздік сапа үшін» марапатын алды. 

Сонымен қатар, бұл марапатқа ATP (Asia/Pacific) халықаралық аймағында Дубай (АТР 500) және Шанхай (АТР 1000) турнирі ие болды. 

Қазіргі кезде ATP кәсіби турында ATP 250 санатындағы 27 турнир өткізіледі. Әр жарыстың жеңімпазы 250 рейтингілік ұпайға ие болады. Almaty Open ATP 250-ді қосқанда, 27 турнирдің ішінде алтауы ғана Азия/Тынық мұхит аймағында өтеді.