Кирилл Герасименко - Ислам ойындарының екі дүркін жеңімпазы
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында ол мысырлық Омар Ассармен кездесті. Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Ассардан кеткен есесін қайтарды.
Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.