Елена Рыбакина Гиннесс рекордтар кітабына енді
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Елена Рыбакина WTA жылдың қорытынды турниріндегі жеңісі үшін теннис тарихындағы ең ірі сыйақыны алды. Эр-Риядтағы жеңісі үшін Рыбакина алған сыйақы көлемі 5.235 миллион доллар болды. Бұрын-соңды әлемде бірде-бір теннисші турнирдегі жеңісі үшін мұндай сыйақы алып көрмеген.
Бұған дейінгі рекорда Арина Соболенко мен Карлос Алькарасқа тиесілі болған. Олар 2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңістері үшін 5 миллион доллар алған еді.