Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады
Теннис

Алан Құрманғалиев/Olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Румынияда өтіп жатқан жарыстың аралас жұптық сайысында Алан мысырлық Хана Годамен бірге өнер көрсетті. Ширек финалда олар қытайлық Ли Хэчэн - Цинь Юйсюань жұбына қарсы ойнап, 1:3 есебімен жеңілді.

Енді Алан бүгін, 27 қарашада жекелей сында бақ сынайды. Қарсыласы - Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риос.