Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады
Гандбол
Халықаралық гандбол федерациясы
Германия мен Нидерландта гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы Н тобында өнер көрсетіп, топтық кезеңдегі алғашқы ойынын Ангола командасына қарсы өткізді. Трир қаласында өткен кездесу 20:38 есебімен аяқталып, африкалық спортшылар екі ұпай еншіледі. Бұл топта, сондай-ақ, Норвегия мен Оңтүстік Корея құрамалары бақ сынап жатыр. Ал жалпы әлем чемпионатына 32 команда қатысуда. Әр топтан үздік шыққан үш ұлттық құрама жүлде үшін таласты жалғастырады.