Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді

Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді
Бокс

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясында бірқатар міндетті жекпе-жектер бекітілді. Олардың қатарында қазақстандық боксшы да бар. 

Орта салмақтағы чемпион Карлос Адамес (24–1–1, 18 КО) рейтингтің бірінші нөмірінде тұрған қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтановпен (20–0, 11 КО) кездесуі тиіс.

Нұрсұлтанов 2023 жылдың күзінде Ташкентте соңғы кездесуін өткізіп, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бір ауыздан шешімі арқылы жеңген болатын. 

Ал Карлос Адамес соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында британдық Хамза Ширазға қарсы өткізіп, тең нәтижеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл салмақтағы өзге WBO және IBF  белбеулеріне Жәнібек Әлімханұлы иелік етеді. Ол осы аптада WBA белдігінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуі керек болған, алайда допинг-сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты Әлімханұлы жарыстан шеттетілді.