Қазақстандық маман Азия ойындарында төрелік етеді

Қазақстандық маман Азия ойындарында төрелік етеді
Теннис

Үстел теннисінен қазақстандық төреші, ең жоғары халықаралық санаттағы маман Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында төрелік етеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. Үстел теннисінен төрешілер құрамына халықаралық санаттағы Blue Badge төрешісі Тимур Ходжаев (Қарағанды) енгізілді. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда қызмет атқарған.