“Барыс” Екатеринбургте сенімді жеңіске жетті

“Барыс” Екатеринбургте сенімді жеңіске жетті
Хоккей

“Автомобилист” - “Барыс”/Сурет: “Барыс” ХК

Бірінші арна Кубогының өткізілуіне байланысты орын алған Құрлықтық хоккей лигасындағы үзілістен соң, “Барыс” сырт айдында “Автомобилиспен” кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойынның бірінші кезеңі нәтижелі шабуылсыз қалса, екінші жиырма минуттықта астаналық хоккейшілер екі шайба соқты. Алдымен Семен Симонов, одан соң Майкл Веккьоне көзге түсті. Үшінші кезеңде айдын иелері есеп айырмасын қысқартқанымен, Семен Симонов дубль авторы атанды. Кезең соңына таман “Барыс” қарсыластың бос қақпасын дәл көздеді - 1:4 - жеңіс.

”Автомобилист” - “Барыс” - 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)

0:1 - 25:58 - Симонов (Данияр) 

0:2 - 37:26 - Веккьоне (Морелли, Панюков)

1:2 - 50:21 - Осипов Максим Р. (Буше, Каштанов)

1:3 - 51:31 - Симонов (Данияр, Томпсон)

1:4 - 57:45 - Уиллман (Морелли) БҚ

Қақпашылар: Шутов - Галкин