Екі теннисшіміз Түркиядағы турнирде топ жарды
Теннис
Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай / Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Финалда отандастарымыз Армения өкілі Ани Амирагян мен түркиялық Ада Кумру жұбынан басым түсіп, кездесуді 5:7, 6:4, 11:9 есебімен аяқтады.
Асылжан мен Іңкәр үшін бұл - ITF санатындағы ересектер арасындағы әйелдер турында бірге жеңіп алған екінші титул. 2025 жылдың жазында қазақстандық жұп Астанада өткен ITF W15 турнирінде де топ жарған болатын.