Қазақ баласының шайбасы канадалық командаға жеңіс сыйлады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының хоккейшісі Бексұлтан Мақыш маусымдағы кезекті шайбасын соқты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Биыл Онтарио хоккей лигасында (OHL) өнер көрсететін “Уиндсор Спитфайрз” сапында өнер көрсетіп жүрген қазақ баласы “Флинт Файрбердс” командасымен ойында шайба соқты. Ао оның командасы осы кездесуде 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Жалпы, осы маусымда Бексұлтан Мақыш 35 матчқа қатысып, 21 (9+12) ұпай еншіледі.