AO-2026: Джокович 100-жеңісіне қол жеткізіп, Федерердің нәтижесіне жақындай түсті
Теннис
Новак Джокович / Сурет: Getty Images
Әлемнің төртінші ракеткасы Новак Джокович Аустралия ашық біріншілігін жеңіспен бастап, тағв бір рекордқа бір табан жақындай түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алғашқы айналымда сербиялық теннисші Педро Мартинеспен кездесіп, 6:3, 6:2, 6:2 есебімен Джоковичтің пайдасына аяқталды. Бұл - 38 жастағы сербиялық теннисшінің Australian Open турнирлеріндегі 100-жеңісі.
Ал швейцарилық Роджер Федерер бұл турнирде 102 жеңіске қол жеткізген. Сондықтан биыл Мельбурнде Джокович бұл көрсеткішті жаңартуы мүмкін.
Жарыстың екінші айналымында Джокович италиялық Франческо Маэстреллимен кездеседі.
Айта кетейік, Новак Джокович он мәрте Australian Open жарысында топ жарған.