Australian Open турнирінің алғашқы финалисі анықталды
Теннис
Арина Соболенко / Сурет: Getty Images
Мельбурнде теннистен жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" жарысы - Аустралия ашық біріншілігі жаоғасып жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сынның алғашқы финалисі анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жартылай финалда Беларусь өкілі Арина Соболенко мен украиналық Элина Свитолина кездесті. "Үлкен дулыға" жарыстарының төрт дүркін жеңімпазы Арина Соболенко екі сетте матчты өз пайдасына шеше білді - 6:2, 6:3.
Арина Соболенконың финалдағы қарсыласы енді белгілі болады. Ол чемпиондық атақты Елена Рыбакина мен Джессика Пегула арасындағы матчтың жеңімпазымен сарапқа салады.