Елена Рыбакина әлемнің үздік үштігі қатарына қайта қосылды

Елена Рыбакина әлемнің үздік үштігі қатарына қайта қосылды
Теннис

Елена Рыбакина / Сурет: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте үздік үштіктің қатарына қайта қосылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Australian Open турнирінің финалына шыққаннан кейін Рыбакина әлемдік рейтингтің топ-3 қатарына оралды. Ол жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы екі сетте жеңіп, финалға жолдама алды - 6:3, 7:6 (9:7). 

Рыбакина Аустралия ашық біріншілігін бесінші ракетка ретінде бастап, жарыс жолында Аманда Анисимова мен Кори Гауффты жеңді. Отандасымыз финал қандай нәтижемен аяқталса да, әлемнің үшінші ракеткасы атанады.