Қазақстанның бірінші ракеткасы ұлттық құрамаға алғашқы жеңісті сыйлады
Теннис
Александр Бублик. Сурет: Андрей Ударцев/ҚТФ
Астанада теннистен командалық әлем чемпионаты - Дэвис Кубогы Бірінші әлемдік тобының плей-оффы аясында Қазақстан мен Монако құрамаларының матчы басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алғашқы кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уго Ниске қарсы ойнады. Допты алғаш болып ойынға монаколық теннисші қосқанымен, Бублик брейк жасап, көш бастады. Бірінші сетте ұлттық құрама үздігі қарсыласына бірде-бір гейм бермей, сенімді жеңіске қол жеткізді - 6:0.
Екінші партияда да Александр Бублик өз қалпынан таймай, сетті өз пайдасына шешті - 6:3.
Осылайша, Қазақстан құрамасы плей-офф матчында көш бастады - 1:0.