Савицкий мен Петуховтың шайбалары қарашаның үздік голдары тізіміне енді

Савицкий мен Петуховтың шайбалары қарашаның үздік голдары тізіміне енді
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты қараша айындағы соғылған үздік голдарды жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Барыс" хоккей клубы екі шабуылшысының қарсылас қақпасына соққан шайбалары осы қатардан табылды. Бұл екі шайба да уфалық "Салават Юлаевтың" қақпасына соғылған. 

Кирилл Савицкийдің қақпашымен бетпе-бет шығып соққан голы жетінші орын алса, Егор Петуховтың лакросс стилінде салған шайбасы үздік үштіктің қатарына кіріп, екінші орынға табан тіреді.