IBA боксшылардың сақал қоюына рұқсат етті

Бокс
Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) спортшылардың сыртқы бейнесіне қатысты ережелерді өзгертті. Енді боксшыларға рингке сақалмен шығуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Боксшының сақал мен мұрт қоюына рұқсат етіледі, алайда олар мойынды жаппай, 10 см ұзын болмауы тиіс", - деп жазылған ІВА ресми сайтында.
Боксшылардың сыртқы бейнесіне қатысты өзгеріс бұдан бұрын хабарланғанымен, ресми мәлімдеме жақында ғана жасалды. Боксшылардың сақал қоюына қатысты ереже қауіпсіздік шарасы ретінде енгізілген.