АҚШ құрамасы бокстан әлем чемпионатына қатыспайды

АҚШ құрамасы бокстан әлем чемпионатына қатыспайды
Бокс

АҚШ бокс федерациясы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарына қатыспайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұл туралы АҚШ бокс федерациясының ресми сайтында жазылған.

Ұйымның жарысқа қатысудан бас тартуы себептерінің ішінде Халықаралық бокс қауымдастығының (ІВА) ресейлік және белорусиялық былғары қолғап шеберлеріне өз туларының астында өнер көрсетуге рұқсат еткендігі бар.