Украина құрамасы бокстан әлем чемпионатына қатыспайды

Бокс
Украина бокс федерациясы 2023 жылғы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына бйокот жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Олар да Ресей мен Беларусь елі спортшыларының әлем чемпионатында өз тулары астында өнер көрсететіндіктері себебіне жарысқа қатысудан бас тартты.
"Біздің жаубымыз қысқа әрі нақты: біздің спортшыларымыз бен Украина бокс федерациясының өкілдері Россия мен Беларусь боксшылары өнер көрсететін додаларға қатыспайды", - деді Украина бокс федерациясының вице-президенті Олег Ильченко деп жазады "Суспільне Спорт" басылымы.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ, Канада, Чехия, Швеция, Швейцария, Нидерланд елдерінің бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялағаны белгілі болған еді.
Бокстан ерлер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте, ал әйелдер арасындағы бәсекеде Делиде өтетінін еске саламыз.