“Барыстың” экс бапкері ҚХЛ-да жаңа қызмет тапты

“Барыстың” экс бапкері ҚХЛ-да жаңа қызмет тапты
Хоккей

Тольяттиллік “Лада” ҚХЛ-да өткізетін маусымында команданы жаттықтарытан бапкерлерін құрамымен таныстырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Команданың бас бапкері болып Олег Браташ тағайындалса, оған Павел Десятков пен Максим Семенов көмектеседі, ал қақпашыларды Алексей Семенов жаттықтырады. Мамандармен жасалған келісімшарт екі жылға есептелген. 

Максим Семенов 2020 жылы ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін, “Барыста” бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.

Еске салайық, “Лада” соңғы бес жыл бойы Бүкілресейлік хоккей лигасында өнер көрсеткен. Келер маусымнан бастап ол қайтадан Құрлықтық хокке лигасында бақ сынайды.