Түркістан облысының жастар құрамасы көкпардан ел чемпионы атанды

Шымкент қаласында 21-27 мамыр күндері көкпардан жастар арасында ХVIII Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ұлттық спорт бәсекесіне Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарынан 140-тан астам балуан қатысып, апта бойына өзара мықтыны анықтады.
Тартысқа толы өткен көкпар додасында күнгейлік қос команда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құрамасы ақтық сында кездесіп, бас жүлдеге таласты. Бұл сында Түркістан облысының жастар құрамасы чемпионаттың жеңімпазы атанды.
Ал Шымкент қаласының шабандоздары 2-орыннан көрінсе, Атырау облысының көкпаршылары 3-орынды қанағат тұтты. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар атынан ақшалай сертификат пен диплом табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі