Қазақстандық танымал еркін күрес шебері қайтыс болды

Қазақстандық танымал еркін күрес шебері қайтыс болды
Күрес

Getty Images

Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлағандай, 73 жасында Қазақстан тумасы, кеңестік еркін күрес шебері Салман Хасимиков өмірден өтті.

Бұл жайлы Ресейдің Спорттық күрес федерациясының (ФСБР) баспасөз қызметі хабарлады.

Салман Хасимиков спорттық мансабы кезінде 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы атанған. Ол бұл жетістіктерге 1979, 1981–1983 жылдары жеткен. Сонымен қатар, ол екі мәрте Еуропа чемпионы (1979 және 1981), сондай-ақ құрлықтық біріншіліктің екі дүркін күміс жүлдегері (1980, 1984) болған.

Еркін күрестен кейін Салман Хасимиков жапон лигаларында өнер көрсету үшін реслингке ауысты.