«Түркістан облыстық №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» директорына жаңадан маман тағайындалды

Түркістан Облысының Спорт басқармасы
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ғалымжан Худияровтың бұйрығымен «Түркістан облыстық №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Саев Жанысбек Турсунович тағайындалды.
Жанысбек Турсунович 1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Түлкібас ауданының Иірсу ауылында туған. Білімі жоғары — 1987–1991 жылдары Шымкент техникалық университетінде дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алса, 2010–2012 жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығын меңгерген.
Еңбек жолын 1991–1998 жылдары «Құрылыс Агро» мекемесінде әдіскер ретінде бастады. 2010–2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық спорт мектебінде көкпар жаттықтырушысы болды. 2013–2018 жылдары аталған мекемеде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдың 24 сәуірінен бастап Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор болды. 2022 жылдан бүгінгі уақытқа дейін Түркістан облыстық №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келді.
Саев Жанысбек Турсунович — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР көкпардан спорт шебері, көкпардан жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші, сондай-ақ ҚР дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін берілетін төсбелгінің иегері.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров жаңа басшыға алдағы уақытта жүйелі жұмыстар атқарып, жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындауда біліктілігі мен іскерлігін көрсететіне сенім білдірді. Сонымен қатар, Жанысбек Саев спорт саласының дамуына зор үлесін қосып, жемісті еңбек етеді деген тілегін айтты.