БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭ ЕСУШІЛЕРІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

Түркістан Спорт Басқармасы
Тайландның Паттайя қаласында 12–15 маусым аралығында 18 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында байдарка және каноэ есуден Азия чемпионаты өтті. Аталған бәсекеге Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен де спортшылар қатысты.
Чемпионат қорытындысында Түркістан облысының өкілдері 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
23 жасқа дейінгі санаттағы байдарка екілік сайысында 500 метр қашықтықта Татьяна Гладкова күміс жүлдеге көтерілсе, 18 жасқа дейінгі байдарка төрттік сайысында 500 метрде Зоя Прядка да күміс медальді қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі қатысушылар арасында байдарка төрттік сайысында 500 метрде Альбина Халикова мен Евгения Тютюкина қола медалге ие болды.